«

»

Apr 12

2016 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Қазақстанда 1930-жылдардағы ашаршылық тарихын зерделеуге арналған іс-шара өткізіледі

Қазақ халқы ХХ ғасырда өзінің санғасырлық тарихындағы ең азапты қасіретін бастан кешірді. Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев: сталиндік ұжымдастырудың қылмысты зардабынан 1,5 миллион қазақ ашаршылықтан қырылды. 1,3 миллион қазақ бұрынғы КСРО аумағынан ауа көшуге мәжбүр болып, қуғындау мен мұқтаждықтан бас сауғалады. Осыдан-ақ әлемде бірде-бір елдің, бірде-бір халықтың қазақ халқы сияқты демографиялық ахуалда мұндай күйреушілікті бастан кешпегенін және толық жойылып кету қаупі туындамағанын түсінуге болады, – деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ғалымдар мен қоғамтанушылардың ортақ пікірін білдіре отырып, Қазақстандағы 1930-шы жж. ашаршылық туралы материалдарын кең ауқымда жинау және қазақ халқы құрбандарының тізімін жасау туралы идеясын ұсынады. Көрменің ашылуы барысында қазақ даласындағы 1930-жылдардағы ашаршылық нәубеті құрбандарының деректері базасын құру жөніндегі жобаның тұсаукесері, жетекші тарихшы ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің және зерттеушілердің қатысуымен Дөңгелек үстел жұмысы өткізіледі.

Архив  материалдары, естеліктер, деректер базасы www.asharshylyq.kz веб-сайт арқылы қолжетімді болады. Әрбір жеке азаматтын халық жадысында сақталған ақпаратты және 1930-шы жж. ашаршылық құрбандарының есімдерінен туратын бірыңғай деректер банкісін толтыру мүмкіндігі болады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлесіп ұйымдастырылуда. Қатысуға Қазақстан Республикасындағы орталық мемлекеттік мұрағаттардың, ғылыми-зерттеу мекемелері және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері шақырылады. Дөңгелек үстел материалдары www.asharshylyq.kz веб-сайтында жарияланады.

 

 Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві

050010, Алматы, Достық даңғылы, 87-б

Байланыс телефондары: 8 (727) 264-69-07, 8 (727) 262-21-72

Факс: 8 (727) 264-68-21

e-mail: office@archive.president.kz,   arcobotd@mail.ru,  arcbibl@mail.ru

Фейсбук парақшасында жаңалықпен бөлісу:
Facebook

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>

Facebook