№ 46 (1356)
17 – 23 қараша
2016 жыл
17-Қараша, 2016 Зерде 38 рет оқылды
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде «Мәңгілік Eл» қайраткерлері» тақырыбында белгілі ақын Ғалым Жайлыбаймен шығармашылық кездесу өтті. Оны Архив басшысы Б.Жапаров сөз сөйлеп ашты.
Кездесуде Ғ.Жайлыбайдың үзеңгілес әріптестері, белгілі ақындар Кәдірбек Құны-пияұлы, Қасымхан Бегманов, Әбубәкір Қайран болды. Олар ақынның шығармашылығы мен азамат ретіндегі ерекше қырларын әңгіме етті.
Кездесуде КарЛАГ деген атпен әйгілі Қарағанды аумағына салынған лагерь, ондағы тұтқындардың жан азабы мен тән азабы туралы жазылған «Қара орамал», 1932 жылдары осы лагерді салуға жер босату үшін Жаңаарқа ауданының аумағындағы Түгіскен деген жерден Шу өзені бойына күштеп көшірілген бір қауым ел туралы баяндалған «Тамакөшкен» поэмалары туралы әңгіме болды. Архивтің бас сарапшысы А.Сейсенбаева тақырыпқа сай баяндама жасады.
Кездесуге қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, архивистер қатысты.