Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып жатқан кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдықтың тұтқынына түскен санамыз қайта жанданып, даму үрдісін бастан өткізуде. Кеңес үкіметі кезіндегі айтылмаған, айтылуға тыйым салынған көптеген тарихы құнды деректерімізді зерттеуге бет бұрып жатырмыз. Соның бір жарқын көрінісі ретінде ұлттық демографиямызда орын алып отырған өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары қазақ халқының демографиялық мәліметтерді білуге деген қызығушылығы артып, қазақ ұлты өз жерінде қалай азшылыққа ұшырады деген сауалдар әркімді де ойландырары сөзсіз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ Қазақстанда XX ғасыр ірі тарихи оқиғалармен ерекшеленеді. Өткен ғасырдың алғашқы жартысы — қазақ халқының өмірінде бетбұрысты кезең деп саналады. Әсіресе 20–30 жылдарындағы ашаршылық апаты немесе «Ұлы жұт» қазақ тарихының қасіретті беттерін айғақтайды. Зертеуші ғалымдар осы мәселемен айналысып, Қазақстанда халқы бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен және оны үш кезеңге бөліп қарастырады: —1919 — 1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адам) —1931 — 1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам) —1946 жылдары болған аштық. Әрине, бірінші ашаршылық та сұмдық болды. Бірінші ашаршылық 1919–1922 жж. болған. Осы жылдары аштық кезінде 1,5 млн жуық адам шығыны болды. Ол көбінесе елдің оңтүстік аймақтарын қамтыды, нақ осы және басқа да деңгейде Қазақстанның барлық тұрғындары да зардап шекті. Екінші ашаршылық, әртүрлі мәліметтер бойынша, 1930—жылдарда 1,5 млн—нан 2,5 млн. адамға дейін болды. Ал, үшінші ашаршылық соғыстан кейінгі еліміздегі экономикалық ахуалдарға байланыты туындады. Бірақ та, бұл ашаршылық сол жылдары халықтан жасырын түрде ұстады. Осылайша, қазақтар іс жүзінде 15–20 жылдың ішінде халқының жартысына жуығынан айырылған. Әлемдік тарих мұндай кең ауқымды ашаршылықты білген емес. Сондықтан, осы қасіретті әрбір қазақ білуге міндетті және есте сақтап, ұмытпауымыз тиіс.
Толығырақ: http://e-history.kz/kz/contents/view/2426
© e-history.kz