«

»

Jun 04

Талас Омарбеков. Ашаршылық туралы ащы шындық

«Анасы баласының етін жеуге жетті…» – Ашаршылық туралы ащы шындық

 

ҚАЗАҚ ҮНІ. 1273 |  03.06.2018 16+

Сталин тұрмақ, Ленин де болған жоқ Қазақстанда. Олар бүкіл қазақты 40 миллион малдың артында жүрген жабайы, сауатсыз, қатарға қосылмаған деп ойлады. Сол кезде оларға мал да бір, қазақ та бір болды.

Бұл туралы Мәскеудегі құпия архивке кіріп, зерттеу жүргізген тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков айтты деп хабарлады Тengrinews.kz.

— … Сол кездегі қазақты қазіргі журналистер өзге ұлттармен бірдей болған деп ойлайды. Қазақты халық қылып қояды. Бұл жалған. Компартия қазақты халық деп ойлаған жоқ. Сондықтан, өлсе өле берсін деп ойлады.

Бұлардың малын ала береміз, бұларда 12 ай сайын мал өсе береді деп, малы бітпейтіндей көрінді. Қазақта мал саны 40 миллион бас дегенге Сталин сенбеді. Қазақ аштан өледі деген сөз айтылмаған да, бұл мәселе көтерілмеген де», — дейді ол.

 

Тарихшының айтуынша, компартия, тіпті қырғыз бен қазақты ажырата алмаған. Оған қатты басын да ауыртпаған. Сол себепті біразға дейін бізді құжаттарында қырғыз деп көрсеткен.

«Бір қаның қайнайтыны, қазақты ол кезде халық, ұлт деп қараған жоқ. Көп уақыт бойы бізді «қырғыз» деп атап келді.

1920 жылы тамызда Қазақстанға автономия бергенде бізге «Қырғыз автономия республикасы» деген атау берді. Қырғыз деген атаудан 1936 жылға қарай зорға құтылдық», — дейді ғалым.

Бұған себеп сол кездегі биліктің біз бен қырғыздарды ажырата алмауы еді. Екеуін де бір деп ойлаған. Екі халықты кейін бірін «қара қырғыздар» десе, бізді «қырғыз қайсақтар» дейтін болды. Талас Омарбековтің айтуынша, нәубет жылдары жайлы нақты мәлімет Мәскеудегі орталық статистикалық басқарма архивінде сақтаулы. Оның сөзінше, бұл архивке қазақстандық ғалымдардың ешқайсының кіруге рұқсаты жоқ екен.

«Мен бұл архивке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан барып қана кіре алдым. Мен онда барып, 37-жылғы санақ материалдарын іздедім. Яғни ашаршылыққа дейін халық саны қанша болғаны және зұлматтан кейінгі саны қанша болғаны жайлы толық мәлімет бар. Оның ішінде концлагерьде қанша адам болғаны, Қытайға қанша адамның кеткені туралы мәліметтер бар», — дейді ғалым.

 

Толығырақ. https://www.qazaquni.kz/wp-content/uploads/2016/10/logo.jpg

 

Фейсбук парақшасында жаңалықпен бөлісу:
Facebook

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>

Facebook