Oct 23

ХХ ғ. 30 – жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың демографиялық зардаптары

Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып жатқан кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдықтың тұтқынына түскен санамыз қайта жанданып, даму үрдісін бастан өткізуде. Кеңес үкіметі кезіндегі айтылмаған, айтылуға тыйым салынған көптеген тарихы құнды деректерімізді зерттеуге бет бұрып жатырмыз. Соның бір жарқын көрінісі ретінде ұлттық демографиямызда орын алып отырған өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары қазақ халқының демографиялық мәліметтерді білуге деген қызығушылығы артып, қазақ ұлты өз жерінде қалай азшылыққа ұшырады деген сауалдар әркімді де ойландырары сөзсіз. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ Қазақстанда XX ғасыр ірі тарихи оқиғалармен ерекшеленеді. Өткен ғасырдың алғашқы жартысы — қазақ халқының өмірінде бетбұрысты кезең деп саналады. Әсіресе 20–30 жылдарындағы ашаршылық апаты немесе «Ұлы жұт» қазақ тарихының қасіретті беттерін айғақтайды. Зертеуші ғалымдар осы мәселемен айналысып, Қазақстанда халқы бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен және оны үш кезеңге бөліп қарастырады: —1919 — 1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адам) —1931 — 1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам) —1946 жылдары болған аштық. Әрине, бірінші ашаршылық та сұмдық болды. Бірінші ашаршылық 1919–1922 жж. болған. Осы жылдары аштық кезінде 1,5 млн жуық адам шығыны болды. Ол көбінесе елдің оңтүстік аймақтарын қамтыды, нақ осы және басқа да деңгейде Қазақстанның барлық тұрғындары да зардап шекті. Екінші ашаршылық, әртүрлі мәліметтер бойынша, 1930—жылдарда 1,5 млн—нан 2,5 млн. адамға дейін болды. Ал, үшінші ашаршылық соғыстан кейінгі еліміздегі экономикалық ахуалдарға байланыты туындады. Бірақ та, бұл ашаршылық сол жылдары халықтан жасырын түрде ұстады. Осылайша, қазақтар іс жүзінде 15–20 жылдың ішінде халқының жартысына жуығынан айырылған. Әлемдік тарих мұндай кең ауқымды ашаршылықты білген емес. Сондықтан, осы қасіретті әрбір қазақ білуге міндетті және есте сақтап, ұмытпауымыз тиіс.

Толығырақ: http://e-history.kz/kz/contents/view/2426
© e-history.kz

Nov 21

Зұлмат Жылдар жаңғырығы. АНА ТІЛІ ГАЗЕТІ

№ 46 (1356)
17 – 23 қараша
2016 жыл

17-Қараша, 2016 Зерде 38 рет оқылды
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде «Мәңгілік Eл» қайраткерлері» тақырыбында белгілі ақын Ғалым Жайлыбаймен шығармашылық кездесу өтті. Оны Архив басшысы Б.Жапаров сөз сөйлеп ашты.
Кездесуде Ғ.Жайлыбайдың үзеңгілес әріптестері, белгілі ақындар Кәдірбек Құны-пияұлы, Қасымхан Бегманов, Әбубәкір Қайран болды. Олар ақынның шығармашылығы мен азамат ретіндегі ерекше қырларын әңгіме етті.
Кездесуде КарЛАГ деген атпен әйгілі Қарағанды аумағына салынған лагерь, ондағы тұтқындардың жан азабы мен тән азабы туралы жазылған «Қара орамал», 1932 жылдары осы лагерді салуға жер босату үшін Жаңаарқа ауданының аумағындағы Түгіскен деген жерден Шу өзені бойына күштеп көшірілген бір қауым ел туралы баяндалған «Тамакөшкен» поэмалары туралы әңгіме болды. Архивтің бас сарапшысы А.Сейсенбаева тақырыпқа сай баяндама жасады.
Кездесуге қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, архивистер қатысты.

Nov 18

«Мәңгілік Eл» қайраткерлері: ақын Ғалым Жайлыбай»

Үстіміздегі жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде «Мәңгілік Eл» қайраткерлері: ақын Ғалым Жайлыбай» тақырыбында белгілі ақын Ғ. Жайлыбаймен шығармашылық кездесу өткізілді.
Кездесу салтанаты арнайы жиын залында жалғасып, ҚР Президентінің директоры Б. Ә. Жапаров сөз сөйлеп ашты. Ол алдымен ҚР Президенті Архиві елге еңбегі сіңген «Мәңгілік Eл» қайраткерлерін жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында осындай іс-шаралардың өткізіп тұратындығын және Архивтің бүгінгі құрметті қонағы – Ғалым Жайлыбай да осы мәртебеге ие екендігін атап өтті. Б. Жапаров, сондай-ақ, ақынның ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамының қасіретті тарихын суреттейтін туындыларының өскелең ұрпақ үшін айрықша маңызды екендігін айтты. Ақынның халықаралық марапаттарын атап өтті.
Кездесуге Ғ. Жайлыбайдың үзеңгілес әріптестері, белгілі ақындар – Құныпияұлы Кәдірбек, Бегманов Қасымхан, Қайран Әбубәкір келді. Олар ақынның шығармашылығы мен азамат ретіндегі ерекше қырларын әңгіме етті.
Кездесуде ақын жазған Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары мен саяси қуғындалған ұлт зиялылары тоғытылған КарЛАГ деген атпен әйгілі Қарағанды аумағына салынған лагерь, ондағы тұтқындардың жан азабы мен тән азабы туралы жазылған “Қара орамал”, 1932 жылдары осы лагерді салуға жер босату үшін Жаңаарқа ауданының аумағындағы Түгіскен деген жерден Шу өзені бойына күштеп көшірілген бір қауым ел туралы жазылған “Тамакөшкен” поэмалары туралы әңгіме болды, сондай-ақ дастандардан ҚР Президенті Архивінде сақталып тұрған аталмыш тарихи оқиғалар туралы құжаттармен ұштастырыла үзінділер оқылды.
Ғалым Жайлыбай өз сөзінде өмірбяны мен атқарған қызметі, еңбек жолын әңгімелей отырып, ақындыққа қалай келгенін, алғашқы шығармасы қалай туылғанын, сондай-ақ кездесуге түрткі болған дастандарының жазылуы ел тарихымен байланысты екенін, өзі сол тарихтың іздерін кешіп өскен арқаның төл баласы екенін қызықты етіп баяндады.
Кездесу барысында ҚР Президенті Архивінің кітапханасы ұйымдастырған Ғалым Жайлыбай шығармашылығы жөнінде кітап және архив құжаттары көрмесі таныстырылды.
Кездесу соңында Б. Жапаров ақынға оның баға жетпес шығармашылығы, ерен еңбегі үшін алғыс білдіріп, оған зор денсаулық пен жаңа шығармашылық табыстар тіледі.
Іс-шараға сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мектеп оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, архивистер қатысты.

DSC_0338

Nov 04

Несипбаев А.С. Директор КГУ «Государственный архив Карагандинской области по научно- технической документации» Сельское хозяйство на территории Карлага до коллективизации (по документам Научного кабинета Карлага ОГПУ)

С момента организации Карлага началось изучение (исследование) состава на-селения, занятость в сельскохозяйственном производстве, видов производимых сельхозпродуктов, их продуктивность, климат, гидрометеорологические условия. «До начала 20- го столетия территория строительства совхозов Карлага ОГПУ была полностью заселена полукочующим казакским (таково написание национальности во всех документах прим. авт.) населением. За 20-30 лет выходцами из европейской части России здесь образованы 12-13 поселков с европейским населением (далее ЕН, сокращение автора) на юго- западе от Караганды. В южной части основан только лишь один поселок Просторное, остальная территория до 30 года «оставалась в руках казакского населения (далее КН)».

Read the rest of this entry »

Oct 03

Ақын Ғалым Жайлыбайдың «Тамакөшкен» поэмасы

ПОЭМА

… Жағы түкті жылқы айуан,
Иесін қайда жаяу салмаған.
Жалп-жалп еткен жапалақ
Жазыда кімге жолдас болмаған.
Сары шыпшықтай шырлатып
Ғазырейіл кімдерге құрық салмаған,
Сақалына сары шіркей ұялап,
Миығына қара шыбын балалап,
Жазыда мал іздеген қазақтың
Басы қайда қалмаған.

Толығырақ…

Older posts «

» Newer posts

Facebook