«

»

Апр 25

 «1930-шы жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық құрбандары» Республикалық деректер базасының және www.asharshylyq.kz сайтының тұсау кесері

Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві еліміздегі Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын дәріптеу жұмыстарын белсенді атқаруда. Бүгінде осы мақсатқа қол жеткізу үшін заманауи әдістер мен шешімдер пайдаланылуда, олардың ішінде ең тиімдісі — мұрағат құжаттарын ғаламтор арқылы насихаттау.

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің www.archive.president.kz  доменімен тіркелген жеке ресми сайты бар. Бұл сайт өте танымал. Жыл сайын сайтқа 500 мыңнан астам адам кіреді. Мұрағаттың өте ірі жобаларын көпшілікке қолжетімді етудің арқасында осындай үлкен көрсеткішке ие болып отырмыз.

2015 жылдың мамыр айында біз «Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақстандық әскери тұтқындар» Республикалық базалар деректерімен www.tutkyn.kz сайтын аштық. Деректер базасын толтыруға барлық аймақтық  мұрағаттар, ведомствалық мұрағаттар (ҚР ІІМ және ҚР ҚМ), шетелдік мұрағаттар, Қазақстанның Германиядағы елшілігі және зерттеушілер қатысты. Аталған сайт іске қосылған бір жылдың ішінде біз 34 мың қазақстандық әскери тұтқындардың аты-жөнін жинап, бір жүйеге енгіздік. Жоба көпшілік пен бұқаралық ақпарат құралдары арасында үлкен резонанс туғызды.  Содан бері «Кері байланыс» айдары арқылы біз қазақстандықтардан көптеген хаттар алып тұрамыз.

Бүгінде біз осындай жобаларды іске асыру бойынша үлкен тәжірибеге иеміз деп сенімді түрде айта аламыз.

Архивтің 2016 жылғы жоспарында «Кеңестік Қазақстанның номенклатуралық кадрлары» атты электронды анықтамасының бірінші бөлімін ашу тұр, оның ішінде 1919-1936 жылдардағы еліміздегі номенклатуралық қызметкерлердің 2700 адамнан тұратын биографиялық анықтамасы болады.

Бүгінде «1930 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық» жобасының аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві сәйкес деректер базасы бар www.asharshylyq.kz  жаңа сайтын іске қосты.

Бұл базаның басты мақсаты қазақ халқының тарихи мұрасын жаңарту болып табылады. База көпшілікке арналып жасалған, сол себепті оны толтыруға ашаршылық жылдары Қазақстан аумағында нәубетке ұшыраған адамдар туралы қандай да бір мәліметі бар кәмелет жасына толған кез келген азамат қатыса алады.

www.asharshylyq.kz сайтының «Ашаршылық құрбандары» деректер базасында ақпаратты базалар деректемесіне мәліметтерді енгізу үшін сайтта көрсетілген нысан бойынша толтыруға болады.

Базада жеке басы, оның ұлты, қай рудан шыққаны, туған күні мен өлген күні, туған жері, ашаршылық салдары және оның ауырлық деңгейі жазылады. Егер ашаршылық салдарынан қоныс аударса, онда базада көшіп жүрген жылдары мен жерлері қосымша көрсетіледі. Сонымен бірге базада берілген ақпарат көзі көрсетіледі.

Ақпарат көзі ретінде жеке тұлғалардан басқа мемлекеттік мұрағаттар, ведомствалық мұрағаттар, сонымен қатар кітаптар мен жинақтар да бола алады.

Бүгінгі күні база сол нәубет жылдарындағы жаппай ашаршылық құрбандарының жақындары мен туыстарын толғандырған оқиғалар туралы отбасылық тарих негізінде Мұрағат қызметкерлерімен толтырылған мәліметтерге ие.

Жасалып отырған деректер базасы — 1930 жылдардағы ашаршылық құрбандарына деген құрмет.

Сайтты толтыруға қатысқан әрқайсымыз ұлттық естеліктерімізді жаңарту бойынша ортақ іске өз үлесімізді қосамыз. Деректердің бірегей банкі Қазақстанның жаңа тарихының трагедиялық беттерін ашу кезінде мамандардың келешектегі зерттеулеріне мықты деректеметану базасы болары сөзсіз. Сол себепті біз көпшілікті, мұрағаттық мекемелерді, зерттеу орталықтарын, сонымен бірге тарихшылар мен еліміздің ғылымдарын осы жалпы жұмысқа қатысуға шақырамыз.

 

Қазақстан Республикасы

Президенті Архивінің

Мұрағаттық технологиялар

басқармасының басшысы

Шайлазымов Б.Д.

Поделиться новостью в фейсбуке:
Facebook

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Вы можете использовать эти теги HTML: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>

Facebook