«

»

Apr 05

Халық жадысы – Мәңгілік мұра

Ақпараттық хат

Қазақ халқы ХХ ғасырда өзінің санғасырлық тарихындағы ең азапты қасіретін бастан кешірді.  Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев: Сталиндік ұжымдастырудың қылмысты зардабынан 1,5 миллион қазақ ашаршылықтан қырылды. 1,3 миллион қазақ бұрынғы КСРО аумағынан ауа көшуге мәжбүр болып, қуғындау мен мұқтаждықтан бас сауғалады. Осыдан-ақ әлемде бірде-бір елдің, бірде-бір халықтың қазақ халқы сияқты демографиялық ахуалда мұндай күйреушілікті бастан кешпегенін және толық жойылып кету қаупі туындамағанын түсінуге болады» деп атап көрсетті.

2016 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Халық жадысы – Мәңгілік мұра» атты  іс-шараны өткізу аясында «Қазақстандағы 1930-жылдардағы ашаршылық: деректер мен құжаттар» тақырыбында тарихи-құжаттық және кітаптар көрмесін өткізеді.

Көрменің ашылуы барысында 1930-жылдардағы жаппай ашаршылық құрбандары болған қазақтардың деректер базасын құру жөніндегі ғылыми жобаның тұсаукесері, жетекші тарихшы-ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, зерттеушілердің қатысуымен Дөңгелек үстел жұмысы жүзеге асырылатын болады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлесіп ұйымдастырылуда. Іс-шара жұмысына қатысуға Қазақстан Республикасындағы орталық мемлекеттік мұрағаттардың, ғылыми-зерттеу мекемелері және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері шақырылады.

Дөңгелек үстел материалдары жобаның веб-сайтында жарияланатын болады: Asharshylyq.kz.

Қатысу үшін өтінімдерді мына мекен-жайға жіберу қажет: 050010,  Алматы қ., Достық  даңғ. 87-б. Тел. (727) 262-21-72, (727) 264-69-07, е-mail: office@archive.president.kz,   arcobotd@mail.ru.

Өткізілетін орны және уақыты: Алматы қ., Достық даңғ. 87-б.
Тіркеу: 9.00. Басталуы: 10.00.

Іс-шараның үйлестірушісі: Ақпаратты-әдістемелік жұмыс басқармасының басшысы: Исаева Нұрзада Тезекқызы, ж. т.: (727) 262-21-72,
(727) 264-69-07, е-mail: arcbibl@mail.ru.

Фейсбук парақшасында жаңалықпен бөлісу:
Facebook

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>

Facebook