Oct 03

Ақын Ғалым Жайлыбайдың «Тамакөшкен» поэмасы

ПОЭМА

… Жағы түкті жылқы айуан,
Иесін қайда жаяу салмаған.
Жалп-жалп еткен жапалақ
Жазыда кімге жолдас болмаған.
Сары шыпшықтай шырлатып
Ғазырейіл кімдерге құрық салмаған,
Сақалына сары шіркей ұялап,
Миығына қара шыбын балалап,
Жазыда мал іздеген қазақтың
Басы қайда қалмаған.

Толығырақ…

Oct 03

поэма

Ғалым Жайлыбай

Aug 10

АҚШ-та Қазақстандағы ашаршылық туралы кітап шықты

Америкалық зерттеуші Мария Блэквудтың айтуынша, жарық көрген кітап – еліміздегі XX ғасырда болған ашаршылық жылдарын қамтиды.

«Жалпы, Қазақстандағы архив құжаттары негізінде ағылшын және неміс тілінде жазылған бірнеше жаңа кітап жарық көрді. Ал аштық жайында баяндалатын шығарма Германияда жазылды. Сонымен қатар, америкалық тарихшы Сара Кэмеронның кітабы биыл басылады. Қарап отырсаңыз, екі автордың да тақырыбы Қазақстандағы нәубет жылдарын қамтиды. Олар осыған байланысты көптеген қызықты материалдар тапқан», – дейді Мария Блэквуд.

Бүгінде ол өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы алғашқы қазақ большевиктері жайлы диссертация жазуда. Нақты айтқанда, оның дипломдық жұмысының тақырыбы алашордалықтарға арналған.

Қазақстан Президентінің мұрағатында өткен конференцияда зерттеуші Мария Блэквуд: «Ғалымдардың назарын Қазақстан тарихына аудару өте жеңіл. Себебі ол өте қызықты. Мен Алматы мен Мәскеуде болып, мұрағаттардан тарихи тың деректер іздедім. Аталған қалаларда бұрынғы Кеңес одағының орталық мұрағаттары бар. Онда Қазақстанға байланысты көптеген материалдар кездеседі», – деді.

Айта кетейік, ашаршылық жайлы кітап Қазақстанға жыл соңына дейін жеткізіліп, кітап дүкендерінде сатылатын болады.

Талғат РАЙЫМБЕК

https://egemen.kz/2016/08/09/55321

 

Jun 14

“Өткенге тағзым – келер ұрпаққа аманат”

2016 жылдың 25 мамырда саяси қуғын-сүргіндерді еске алу күні қарсаңында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Әділет» тарихи-ағарту қоғамымен бірлесе отырып және Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен «Өткенге тағзым – келер ұрпаққа аманат» тақырыбына ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өткізді. Конференция жұмысына Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы М.Қ. Ахетов, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының басшылары мен мүшелері, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты мен ҚР Президенті мұрағатының қызметкерлері, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпағы, туыстары, қоғамдық ғылымдар Институттарының ғалымдары мен докторанттары, магистранттары және БАҚ өкілдері қатысты. Толығырақ….

May 10

Казахстанцев, пострадавших от голодомора, внесут в общую базу данных

Казахстанцев, пострадавших от голодомора, внесут в общую базу данных

Казахстанцев, пострадавших от голода в 30-е годы прошлого века, внесут в общую базу данных, сообщает телеканал КТК.

В Архиве Президента для этого создали специальный сайт и просят граждан принять активное участие в сборе информации. Любой желающий может зайти на asharshylyg.kz и внести данные своих родственников, которые стали жертвами голода или были вынуждены покинуть страну в тяжелые времена.

Read the rest of this entry »

Older posts «

» Newer posts

Facebook