2021 жылғы 24 ақпанда өткен ғасырдың 30-жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылық тақырыбына арналған ғылыми семинар өтті. Іс-шараны Ш.Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты бейнеконференцбайланыс форматында ұйымдастырды.
Семинардың негізгі дәріскері – Назарбаев Университеті жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры Николло Пьянчола «Қазақстандағы ұлы ашаршылық: анықтау, салыстыру, тұжырымдау» тақырыбында баяндама жасады. Пьянчола осы кезеңдегі жайлаған аштықпен КСРО-ның басқа өңірлерімен салыстыра жүргізілген Қазақстан жеріндегі қайғылы оқиғалардың себептері туралы ғылыми зерттеу нәтижелерін ұсынды. Ғалымның баяндамасы оған қойылған сұрақтармен және семинарға қатысушылардың белсенді пікірталасымен қатар жүрді, олар 1930 жылдардың басындағы экономикалық және демографиялық апатқа орталықта да, жергілікті жерлерде де биліктің саяси, экономикалық және әкімшілік әрекеттері әкелгенін атап өтті.
Ғылыми семинар жұмысына ҚР Президенті Архивінің қызметкерлері Қ. Ш. Әлімғазинов, Ж. А. Сатаева және А. Ә. Сейсенбаева қатысты.
Фотосуреттер профессор Николло Пьянчоланың «Қазақстандағы ұлы ашаршылық: анықтау, салыстыру, тұжырымдау» баяндамасынан алынды.